Мәлік Ажар Мәлікқызы – жас ғалым, микробиолог, биотехнология мамандығы бойынша. Мәлік Ажар Мәлікқызы 1994 жылы Алматы қаласы, Әуезов ауданында дүниеге келген. Ажар Мәлікқызы 2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Биотехнология» мамандығы бойынша бітірді, магистратурада (2016-2018) және докторантурада (2019-2022) оқуын жалғастырды. Сонымен қатар, Мәлік А.М. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ТМД елдерінің «Үздік жас ғалым – 2020» сыйлығын алды. Бүгінгі таңда Ажар ғылымда жас ғалым болғанымен, 50 аса ғылыми еңбектің, 2 монографияның, Қазақстан Республикасының 2 патентінің, оның ішінде 2 халықаралық журналдың авторы. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері бойынша 34115-тен 01.09.2020 жылы «Пестицидтерді микробиологиялық жою әдісі» өнертабысқа патент алынды. Келесі ғылыми-зерттеу жобаларында жұмыс атқарған: «Қолданылмайтын және тыйым салынған пестицидтердің Алматы облысы тұрғындарының генетикалық жағдайы мен денсаулығына әсерін кешенді бағалау: пестицидтер көмілген жерлерге іргелес аумақтың микробтық алуантүрлілігін анықтау, скринингтен өткізу, микроорганизмдер- деструкторлар бөліп алу» (2018-2020 ж.ж.), «Тотықтандырылған қоңыр көмір және зоомикробтық консорциум негізіндегі жоғары белсенді «биогумус-плюс» препаратын алу биотехнологиясын әзірлеу» (2019-2020 ж.ж.), Ленгер көмір кен орнының қоңыр көмірі негізіндегі экологиялық таза, түтінсіз брикеттелген отын және отынды және энергияны тиімді пайдалану үшін БАЗ синтездейтін микроорганизмдер» (2019-2020), «Сарысу және өсімдік шикізаты негізінде жемшөп протеиндерін өндіру бойынша ашытқы консорциумдарын жобалау» (2020-2021), «Иммобилизацияланған ашытқы жасушаларын пайдалана отырып, сүт сарысуын үздіксіз ашыту арқылы биоэтанол алу» (2021-2023). 31.07.2017 - 08.12.2017 Прагадағы техникалық университетте. Прага, Чехия (Прага, Чехия), 13.12.2021-03.05.2022 Кожаэли университетінде Кожаели, Түркия (Биотехнология бөлімі)ғылыми тағылымдамалардан өтті.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Бакалавриат |
2016 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
01.07.2024 |
5
құжаттар
1